Әзербайжан президенті Назарбаев туралы шын мәнінде не ойлайтынын ашық айтып тастады (ВИДЕО)
2018 ж. 16 сәуір
10952
24
Әзербайжан Республикасының басшысы Ильхам Әлиев ҚР Президентінің Телерадиокешеніне берген сұхбатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Маған Нұрсұлтан Назарбаевпен әңгімелескен өте ұнайды. Мен өзім оны қатты сыйлаймын. Ол - біздің ақсақалымыз. Әкем - Гейдар Әлиевпен кездескен сәттері әлі есімде. Олар өте жақын дос болды. Дәл осы дәстүр жалғасып жатқанына қуаныштымын. Әрине, Нұрсұлтан Әбішұлы қарапайым адам ретінде де өте қызықты тұлға. Бакуде өткен соңғы кездесу де, ресми шараларда да, бейресми жиында да біз бір отбасының мүшесі сияқты отырып әңгімелестік», - дейді И.Әлиев.
ҚР Президентінің Телерадиокешенінің хабарлауынша, жақында ТМД елдері басшыларының қатысуымен деректі фильм жарыққа шығады.
«ТМД елдері басшыларының қатысуымен деректі фильм дайындалып жатқанын хабарлаймыз. Қатысуға ынтасын білдіргендердің алдыңғы қатарында Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев болды. Осы сәтті пайдалана отырып, оқырмандарымызбен әлі ешкім тамашаламаған видеомызбен бөліспекшіміз», - делінген ҚР Президенті Телерадиокешенінің Youtube-арнасында.
Айта кетейік, таяуда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайланумен құттықтаған болатын.
«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған. Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады. Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін», - деп жазды Н.Назарбаев.