"Үш әріптің адамы емеспін": Шаханов өз шындығын айтты
2018 ж. 13 сәуір
4496
9
Мұқағали Мақатаев туралы жазған өлеңі дауға айналған атақты ақын Мұхтар Шаханов атышулы журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, өзіне қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді.
" rel="nofollow">TalkLike бағдарламасында қонақта болған ақиық ақын шындықты айтамын деп біраз қиыншылық көргенін айтты.
«Менің басты кінәмнің бірі — шындықты айтып қоятынымда. Жазушылар одағына қарап қалған күнім жоқ. Тек шындық үшін жағаласып жатырмын. Сол одақтағы 800 адамның оншақтысы ғана ұлттық мүддеде бізбен бірге болған. Әнеугүні Оразалин сөйлеген күні елдің бәрі шапалақтап тұрды. Ол одаққа жұмысқа орналасу үшін де ақша берген. Мен туралы ақпарат жазғандардың көбісі Жазушылар одағындағы журналистер. Ешкімнің ата-бабасына тиіспеймін. Ол ақпарат бұрмаланған», — деді Шаханов.
«Шындық үшін әрқашан күресу керек. Ал өз мүддесі үшін болса, онда ұят нәрсе. Ақынсымақтардың көбісі туфли жалағыш. Мен үш әріптің адамы емеспін. Атаққа қызықпаймын. Шетелден алған атағымның өзі 120-дан асады», — деді ақын.
Қазақ үні