БҰЛ КӨКТЕМНІҢ КЕЛГЕНІ ШЫҒАР... (қысқа әңгіме)

 
Ол саған мөлдіреп қарады. Ал сен оған кезекті бір мейрамхана даяшысы ретінде қарадың. Айқай салдың: "Қазақ музыкасы қайда ?"-деп... Ол қозғалмады. Тек қана саған қарап тұрды. Оның сенің айқайлап айтқан сөзіңе бүлк етпей, тек сенен көз алмай қарап тұрғанына шыдай алмай кетіп, беріп қойған тапсырысты тастай салып, кетіп қалдың. НЕГЕ? Кеш түсіндің. Қайта бардың ертеңгі күні. Ол да, сен де ақталғандай болдыңдар. Өлеңдеріңді сұрағасын, жіберемін деп, телефонын сұрадың. Мобильді телефоны жоқ екен. Үй телефонын берді.. Қалтафон болмағасын жазып алған жоқсың. Алдыңда езіп отырған езбе ақын досыңның өздеріңе ортақ достарыңды сыбап жатқанына көңіл аударып кеттің. Ол жаныңда әлі кетпей түр еді... Тағы да айқай салғың келіп жалт қарадың. Бірақ айқайлай алмадың... Тілің байланып қалды. Өйткені ол саған мөлдіреп қарап түр еді.. Ақын деп емес, қайраткер деп емес... мүлде басқа, өзі қалаған түрде қарап тұр еді.. Оның мөлдіреген жанарына қарап, сен ешнәрсе дей алмадың,,, Бұл көктемнің келгені шығар... Қазыбек Иса Qazaquni.kz