Білім вице-министрі 600 мың теңге жалақы алады

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова бүгін министрліктің кеңейтілген отырысы барысында журналистерге өзінің қанша жалақы алатыны туралы айтып берді.

"Бізде ешқандай қосымша табыс, бонус жоқ. Жалақым 600 мың теңгенің шамасында. Маған бұл жалақы сяаси мемлекеттік қызметкер болғаным үшін беріледі", - деп мәлімдеді министрдің орынбасары.

Ол айлық-жалақының еңбек өтілінің уақыты мен білім деңгейіне байланысты екенін атап өтті. "Менің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілім өте көп. Жалақы еңбек өтілі мен білімнің деңгейіне тікелей байланысты. Яғни, орталық аппаратта жұмыс істейтін барлық мемқызметкерлер: вице-министрлер, департамент директорлары осындай жүйемен жалақы алады", - деді Б.Асылова.

sn.kz