ҚР Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК директоры Рамазан Құмарбекұлы Сарпеков мемлекеттік қызметкерлердің тек қазақ тілінде баяндама жасауы Қазақстан Конституциясына қаншалықты қайшы екеніне қатысты жолдаған сауалымызға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
МАҢЫЗДЫ!!! Тек қазақша баяндама жасау Конституцияға қайшы емес
2018 ж. 13 ақпан
7839
17
«1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі, мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – делінген хабарламада.
Мұнымен қатар, республикадағы қоғамдық қатынастарды реттеуде мемлекеттік тілдің пайдаланылатынын жазған.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының 4-бабына сәйкес мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Жоғарыда көрсетілгендер «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480 Заңының 60-бабына сәйкес ұсынымдық сипатта болып табылады.
Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі №1003 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереженің 1-тармағына, 17-тармағы 2) тармақшасына сәйкес осы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуды, оның халықаралық беделін нығайтуды қамтамасыз ету болып табылады», – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, 22 қаңтар күні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов жыл бойы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп берді. Осы есеп беру шарасы кезінде аудан әкімі тек қазақ тілінде сөйледі. Оның бұл әрекеті шараға қатысушылардың кейбірінің наразылығын тудырды. Артынша наразы топтың сөзін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев та қоштап, аудан әкіміне тұрғынның пікірін ескеру туралы ұсыныс айтты. Әлеуметтік желіде қызу талқыланған осы жағдайға қатысты қоғам белсенділері арасында сауалнама жүргізудік. Мұнымен қатар, қазақстандық заңгерлер де туындаған жағдайға байланысты заңда қандай нормалар бар екенін айтып берді.