Айта кетейік, қаңтардың тоғызында Бақты кеден бекетінен өткенде Ерсінбек Құрметтің қолына Қытай полицейлері кісен салған. Былтыр Қазақстан азаматтығын алған жігіт арғы бетке анасын көруге аттанған екен. Алматыда жары мен баласы екі көздері төрт болып, министрліктен көмек сұрап хат жазған. Қазір ол бойынша отандық дипломаттар айналысып жатыр.
Әнуар Жайнақов ҚР СІМ ресми өкілі:
- Біз Ерсінбек Құрмет жұбайынан тиісті өтінім алдық. Қазір тиісті анықтау жұмыстары басталды. Біз Қытай тарапына қажетті сауал жасадық. Жақын арада жауап күтіледі.