Белгілі саясаткер Қазақстанда билікті бөліп алған неше клан барын ашық айтты
2018 ж. 21 қаңтар
10348
29
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев билікті өзінің маңайындағы кландар арасында өзара үлестіріп беруі мүмкін. Бұл туралы белгілі саясаттанушы Әміржан Қосанов qazaqtimes.com сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Өз аяғымен барып депутаттарға есеп берген
Қосановтың сөзінше, барлық билікті бір қолына шоғырландырып, суперөкілетті «екінші Назарбаевты» біздің саяси жүйе көтере алмайды. Сондықтан да реформа керек.
- Президенттің өзі қазіргіден өзгеше жағдайда билікке келді. Ол кезде ықпалды Жоғарғы Кеңес болды. Президент өз аяғымен барып, депутаттардың алдында есеп беріп жүрді. Қазіргідей кландық жүйе болмады. Демократяның бірқатар нышандары бар еді, - дейді саясаткер.
Қазақстанда билікті бөліп алған қанша клан бар?
Әміржан Қосановтың паймынша, билікті транзит кезеңі алдында жағдай мүлдем басқаша. «Екінші Назарбаев» мүлдем басқа саяси ахуал тұсында билікке келмек, - деп сабақтады ол өз сөзін.
- Билік пен экономиканы кландар бөліп алған, елде билікті бүгін алуға дайын 4-5 клан бар, ресми оппозиция жоқтың қасы. Осындай жағдайда бір клан бас билікке қол жеткізсе, арты соғысқа ұласып кетуі мүмкін. Өйткені, бір-бірімен терезесі тең олар ертең бір-бірін қудалай бастайды. Оның арты жақсылыққа апармайды! - дейді сұхбат беруші.
Назарбаев билікті кландарға бөліп береді
Болашақ президенттің қасында «сен тұр мен атайын» деген бәсекелестері тұрады, - деп санайды Қосанов. - Қаржы жағынан да, жас жағынан да, бедел жағынан да, қазақшылдығы, ресейшілдігі, батысшылдығы жағынан да олардың саяси салмағы бірдей.
qazaquni.kz- Меніңше, елбасы өзінің маңайында шартты түрде төрт клан болса, төртеуін шақырып алып, билік тармақтарын өзара үлестіріп беретін сияқты. Яғни, ешкім де ренжімейтіндей болуы тиіс. Президенттік, парламенттік, үкіметтік, сот жүйесі сияқты тармақтар, сөйтіп, әр кланның қолына көшеді, - деп түйіндеді өз сөзін белгілі саясаткер.