Президент әкімшілігі экс-басшысының ұлы Асылбек Мусиннің өлімі туралы тың деректер - БАҚ
2018 ж. 13 қаңтар
6394
1
Жаңа жыл қарсаңында Латвия астанасы Ригада ҚР Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы Асылбек Мусин Ригада қаза тапқан болатын.
Алайда бірнеше жыл бұрын қазақстандық БАҚ-та есімі дүркіреп тұрған адамның қандай жағдайда қаза тапқаны белгісіз. Асылбек Мусиннің ригалық әріптестерінің айтуынша, Мусиннің өлімін полиция өз-өзіне қол жұмсау деп бағалап отыр. Қазір тергеу жұмыстары мен экспертиза жүргізіліп жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Караван мәліметіне сүйеніп.
Бір қызығы, Асылбек Мусиннің қазасы жайында Telegram желісінде бірінші болып саясаттанушы Талғат Қалиев жазды. Талғат Қалиев пен Асылбек Мусин арасында көпшілікке белгілі ешқандай достық, әріптестік, таныстық жоқ. Ал ригалық БАҚ беттерінде бұл ақпарат Қалиев хабарлағаннан бір күн кейін тараған.
Латвияның мәліметінше, Асылбек Мусин Риганың шет жағындағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрған. Мусиннің денесін тапқан көршілері мен аула сыпырушының айтуынша, ол тыныш әрі қалыпты өмір сүрген.
Көршілерінің Мусиннің үйіне келген-кеткен ешкімді байқамаған. Балаларын мектеп пен балабақшаға Асылбектің өзі емес, басқа адамдар апарып тұрған. Ол ортасына сыйлы адам болған. Ал қазақстандық шенеуніктің баласы қалай өмір сүріп жатқаны жайында тамыз айының 22-ші жұлдызында белгілі болды. Сол күні жатырдағы нәрестесінен айырылған Асылбек Мусиннің әйелі 15-ші қабаттан құлаған.
Ал ригалық басылымдардың айтуынша, Асылбек Мусин әйелінің өлімінен кейін дау көтермеген, күйзеліске түскен. Жергілікті тілшілердің айтуынша, әйелі өзіне-өзі қол салған.
Ал Асылбек Мусиннің суицид жасауына итермелейтіндей ішімдік немесе наша пайдаланғаны жайында нақты деректер жоқ. Ал оның жеке бизнеспен немесе Құранды насихаттаумен айналысқаны туралы әріптестері де жауап бере алмай отыр.
Өткен жылы Асылбек Мусин 38 жасқа толған. Артында 3 баласы қалды.
***
«2008-2013 жылдары «Ізгі Амал» қозғалысы белсенді түрде сахнаға шыға бастады. Жеке сапашылар оны Қазақстан билігіндегі мұрагерлік жолды шешуге құрылған саяси-технологиялық жоба деуге асықты.
Өз сөзінде Асылбек Мусиннің әкесі Аслан Мусин «Ізгі Амал» секта емес, патриот әрі Құдайдың бар екеніне сенетін барлық адамға есігі ашық интеллектуалды клуб деп атаған болатын.
Алайда жоба сол күйі іске аспады, ал Асылбек жапа шекті. Менің ойымша, егер Асылбек өзіне қол салды десек, оның басты себебі ретінде оның жақындарының сатқындығы, оны өзгелердің түсінбеуі деп білемін. Себебі, Асылбектің жақтастарының бойында жоқ қағидалар, қасиеттер оның бойында болды» деді «Ізгі Амал» қозғалысының сайтын жасаған Александр Чулков.
«Асылбектің өзгеге деген құрметі мен өзін сыйлауы менің есімде жақсы сақталған. Оның бірнеше жыл өз жолын іздеу жолында Сирияда да тұрғанын екінің бірі біле бермейді. Одан кейін Америка Құрама Штаттарында болды, сол жақтан Құранға деген қызығушылығы оянды. Негізінде, Асылбек өз жолын іздеген философ болатын. Өзін толықтай ашпай, өмірден ерте өткені өкінішті» деп аяқтады сөзін А.Чулков.