Елбасы мәлімдемесі: Ағымдағы жылы қандай маңызды өзгерістер болмақ?
2018 ж. 09 қаңтар
5612
31
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады. Елбасы өз баяндамасында адам капиталын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар тапсырмаларды атап өтті, - бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Назарбаев квалификацияға байланысты мұғалімдер жалақысы 30-50 пайызға өсетінін айтты. Сонымен қатар, ол әлеуметтік қолдау саласына бөлінетін қаржы көлемі 12 пайызға артып, жалпы сомасы 4 трлн теңгеден асатынын мәлімдеді.
Елбасы экономикалық ахуалды одан ары жақсарту үшін бизнес саласына да айырықша көңіл бөлініп келе жатқанын тілге тиек етті.
«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды», - деді Н. Назарбаев өз мәлімдемесінде.
Телеарна эфиріндегі мәлімдемеде Елбасы заманауи жаңа технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.
«Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Ертең менің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауым жарияланады. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», - деді Назарбаев.
- Қазақстанның жарқын болашағына жету үшін барлық мақсаттарға қол жеткізетінімге мен кәміл сенемін, - деді өз сөзінде Мемлекет басшысы.
Атап өту керек, ҚР Президент Н. Назарбаев дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы ертең республикалық БАҚта жарияланады.
qazaquni.kz