Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіліп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Енді ұялы байланыс абоненттері қарыз болмайды – Дәурен Абаев
2018 ж. 09 қаңтар
2710
3
Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Біздің министрлік Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізуде. Айта кетейін, бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр», - деді министр.
Сонымен қатар, Дәурен Абаев бұл қадамға баруға негіз болған мысалдарды да атап көрсетті.
«Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз. Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады», - деді министр.
Министр Байланыс қызметіне өзгерту енгізу барысында қол жеткізу мүмкін болатын өзге де артықшылықтарды атады.
«Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз. Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді», - деді Дәурен Абаев.