Тағайындалуын орманға барып "жуған" әкім жұмысынан босатылды
2017 ж. 13 желтоқсан
3686
0
Солтүстік Қазақстан облысында Амангелді аудандық округі әкімі міндетін атқарушы Дәурен Шәкенов жұмыс уақытында жаңа қызметін жуамын деп, жұмыстан босатылды.
Бұл туралы Есіл ауданының басшысы Мұратбек Әбішев әдеп бойынша отырыста мәлімеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "МТРК"-ға сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, ауыл әкімі жұмыс уақытында жаңа қызметін жуған. Сол кездің өзінде арнайы тексерістен өтпегеннің өзінде, ол өзімен бірге қол астында істейтіндерді алып барып, жуыс болған жерді тазалатқан.
Өз кезегінде Мұратбек Әбішев мемлекеттік қызметкерлер арасында тәртіп сақтау бойынша келеңсіздіктер барын мойындайды.
"Шәкенов 21 қарашада арнайы тексерістен соң жұмыстан босатылды. СҚО ҰҚК департаменті Шәкенов қолдан жасалған дипломды пайдаланды деген деректі анықтады. Іс материалдары Есіл аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді. Ол құқық қорғау саласында 14 жыл қызмет еткен", - деді ол.
Тағы бір қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетудің орнына 17 минут бойы телефон арқылы өзінің жасауы жайлы айтып, талқылаған. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер лас болған.
Тәртіптік кеңес мүшелері облыс әкіміне хат жазатын болып шешім қабылдады. Сонымен қатар, Есіл ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік іс қаралуы жоспарланған, алайда ол денсаулығына байланысты қатыса алмаған. Ол қызметтік көлікпен өз тірліктері бойынша жүрген.
Еске салайық, 2017 жылы 31 тамызда даулы оқиға болған еді. 31 тамызда Талапкер ауылының маңындағы орманда ерекше отырыс болған. Онда киіз үй құрып, жұмыс уақытында мемлекеттік қызметкерлері Амангелді ауылдық округінің әкімі тағайндалуын жуып жатқан. Оқиға орнына комиссия аттанған.