Қазақ ғалымы Владимир Путинді қалай сұлатып түсіргенін айтып берді
2017 ж. 28 қараша
3960
3
Партия төрағасы Азат Перуашевпен Таразда "ақжолдықтардың" облыстық конференциясын өткізіп, Асан Қошманбетовтей іскер жігітті басшы етіп сайлап, партияға жаңа мүшелерді қабылдау рəсімі басталып жатқан сəт еді. -Бауырым, осы сіз журналист емессіз бе?- деді біреуі иығымнан түртіп,- Анау тұрған кісі-академик Сəбит Баубеков! Кезінде Путиннің өзімен белдесіп, жауырынын жер иіскеткен! Бұл сөзге аса елеңдей қойған жоқпын.Ұмытпасам Путинмен күрескен тағы бір қазақ жайлы оқығанмын. Қазақ деген тумысынан палуан халық қой. Сондықтан боз кілемде талай қандастың болашақ Ресей президентімен жолдарының түйіскені анық. Бəрібір журналистік қызығушылығым жібермеді. Сəбит ағаны əңгімеге тарттық. Ағамыз алғашында өзімізді тосылтып тастағаны. -"Қартайғанда батыр болғаныңды айтпа, Кедейленсең бай болғаныңды айтпа!" деген. Осыны айтпай-ақ қойсам деп едім,-дегені. Оған біз қоямыз ба! Айтқыздық. ...1972 жылы студент Сəбит Баубеков Мәскеуде "Буревестник" спорт қоғамының бір айлық жаттығу жиындарында болады. Оған басқа қалалардан да самбошылар жиналады. Путин мен Баубековтың салмағы бірдей болғандықтан екеуі бір ай бойы спарринг əріптес болып күресіп жүреді. Володя ол кезде спорт шебері. Техникасы да Сəбиттен жоғары. Жаттығу жиындары аяқталған соң өткен "Буревестник" қоғамының біріншілігінде Путин мен Баубеков финалда кездеседі. Қарсыласының сырын бес саусақтай біліп алған Путин бірден шабуылға көшіп, кездесу аяқталғанға 10 секунд қалғанға дейін 4-1 есебімен ұтып тұрады. Атақты бапкер Марат Жахитовтың үйреткен құпия əдісін соңғы сəтте қарсы қолданған Баубеков Путинді таза жеңіп, қарсыласын да, жанкүйерлерді де таң-тамаша қалдырған екен. Жарыс біткен соң Володя Сəбитке үй телефонын беріп, хабарласып тұруын сұрайды. Арада бірнеше жыл өткен соң Сəбит аға Мәскеуде аспирантурада оқып жүріп, бір қиянатқа ұшырайды. Оқуын, ғылымды тастап, елге қайту қаупі төнеді. Ойға Путин оралады. Дереу оған телефон соғады. Бұрынғы кілемдегі қарсыласын сол кезде қауыпсіздік комитетінде істейтін Путин жақсы қарсы алып, бүкіл мəселелерін шешіп береді. Баубеков Мәскеуде қалады. Кейін үлкен ғалым атанады. Володя Путинмен түскен суреті үйде сақтаулы. Ресей Президентіне өткенді айтып хат жазу ойында жоқ. Біздің өзімізге ыңғайсызданып əзер айтты. Аман болыңыз,Аға!
Арман Сқабылұлы,
facebook.com парақшасынан