Ғалым Жайлыбайдың "Қара орамал" поэмасы халықаралық байқауда жүлдеге ие болды
2017 ж. 21 қараша
3119
2
Белгілі қазақ ақыны, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбайдың "Қара орамал" поэмасы Еуразиялық Шығармашылық Гильдиясы және Herdforshire Press баспасы ұйымдастырған VI-Еуразиялық ашық әдеби байқауда, поэзия номинациясы бойынша үшінші орынға ие болды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Байқауға әлемнің 36 мемлекетінен 2 мыңға жуық шығарма түскен. «Қара орамал» поэмасы аталмыш байқауға қатысқан елдердің тіліне аударылады.
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» кітабының тұсаукесер кеші 2014 жылдың 29 мамырында Қарағандыда өткен болатын.
Ақынның қиын-қыстау жылдарды арқау етіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Қара орамал» дастаны «Болашақ» баспасынан орыстың белгілі ақыны Надежда Чернованың аудармасымен екі тілде жарық көрген болатын.
XX ғасырда ел басына төнген зұлмат кезең ашық жазылған дастан «Қарағанды лагері», «Карлаг қақпасы», «Ахметжан Сармантайұлының «58-статья» күйі», «Қызжылаған», «Ирина Борхманның «Үзілген сапар» картинасы», «Мамочкина моласы», «Үш қағыс» атты тарауша жырлардан тұрады.