Қазақша мүдірмей сөйлейтін депутат Шиповских қазақ қызына үйленді
2017 ж. 29 қазан
7166
31

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских отау құрып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Парламенттегі ең жас депутат Геннадийдің таңдаған жарының есімі - Мөлдір. Екі жастың тойы Қызылорда қаласындағы «Орда» мейрамханасында басталып жатыр.
Геннадийді ата-анасы мен отбасындағылар Алтынбек деп атайды. Ол қазақ тілінде еш мүдірмей сөйлейді. Өзінің айтуынша, тіпті қазақша ойлайтын көрінеді. Бұл жолы ата-анасы Мұрат пен Баян Геннадийге қалыңдықты қазақы дәстүрмен құда түсіп, әперіпті.