АТАТҮРІККЕ ШАБЫТ БЕРГЕН АЛАШОРДА ИДЕОЛОГИЯСЫ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!
2017 ж. 28 қазан
6339
12
Жауды жеңіп, Түркия Республикасының негізін қалаған Мұстафа Кемал Ататүрікті "Алашорда қайраткері" деуге әбден болады!..
Сонда қалай???
Алашорда өз күресін 1917 жылға шейін жалғастырса, Ататүрік тәуелсіз мемлекетімізді 1923 жылы құрды... Алашорда жоспарлаған, іске асыра бастаған дүниенің бәрін, азат мемлекеттің туы астында Ататүрік нақты түрде жүзеге асырды!!!
Олардан кейбіреулері мынадай:
1- Ұлтшылдық (Дала патриотизмі): Елге, отанға деген жалынды махаббат… Басқа ұлттарда патриотизмнің “шовинизмге” айналып кетуі әбден мүмкін болса да, мен “дала патриотизмі” деп атаған Алашордалық ұлтшылдықта ондай нәрсеге ешқашан да жол берілмейді!
2- Тұраншылдық: Қазақ ең алдымен қазақты сүйіп, қырғыз қырғызды сүйіп, өзбек өзбекті сүйіп, өз ерекшеліктерін жоғалтпай Тұран еліне қызмет ету… Бөлінген түркі ұлтының басын, қандай формада болмасын, қосу… “Тілде, істе,пікірде бірлік!” принцибі…
3- Қазақи секуляризм (laicism): Дінге жау болмай, арабизмнен арылған таза Ислам дінін қалың жұртшылыққа үйрету. Бірақ, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмау!
4- Әйел теңдігі: Барлық түркі және мұсылман дүниесі орта ғасырлық қараңғылықта отырған сол бір кезеңде, Алашорда, қазақ съезддеріне әр бір болыстан әйел өкілдердің де жіберілуін міндетті деп жариялаған қозғалыс болса;Ататүрік, әйелдерге сайлау құқығына қоса сайлану құқығын да дүниеде алғаш берген көсем! (Сол кезде Америка және Европа елдерінің өзінде әйелдердің сайлау құқығы болғанмен, сайлану құқығы жоқ болатын!)
5- Шығыстың қараңғылығынан құтылу үшін Батысқа бет бұру. Сол кезде қауіп арабқұлдық пен қараңғылықта болғандықтан, бұл қауіптен арылу үшін - Латын әліпбиіне көшу...
6- Ар-ождан бостандығы және төзімділік. т.б… т.б… т.б…
ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРТЕҢГІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!..
АЛАШОРДА ИДЕОЛОГИЯСЫ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!
Оғыз ДОҒАН
Qazaquni.kz