Маңғыстауда Есенғали Раушановтың жыр кеші өтті
2017 ж. 21 қазан
3200
1
Маңғыстауда белгілі қазақ ақыны Есенғали Раушановтың мерейлі 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Есенғали Раушанов «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз тұғанша», «Ғайша бибі», «Қара бауыр қасқалдақ» секілді жыр сүйер қауым жылы қабылдаған бірқатар өлеңдер жинағының авторы. Н. Жантөрин атындағы театрда өткен «Біздің елдің жылқысы кіл көк көкмойнақ» жыр кеші Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың "Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" мақаласын жүзеге асыру аясында өтті.
Кешке Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Әмин Тұяқов, Сауытбек Әбдірахманов секілді есімі елге белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов кеш иесі мерейлі мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.