
Қырғыз президенті көрші елдермен тату қарым-қатынаста болудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
2017 ж. 18 қазан
2997
29
Қырғыз президенті көрші елдермен тату қарым-қатынаста болудың маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан президенті туралы қызбалыққа салынып айтқаным дұрыс болмады. Соңғы күндері осы туралы ойладым», - деді Атамбаев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдайға тоқталғанда.
Мемлекет басшысы барлық көршімен бейбіт қарым-қатынаста болудың маңыздылығын атап өтті.
Естеріңізге салып өтсек, 7 қазан күні Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты сыни мәлімдеме жасаған еді.