Назарбаев қызметінен босатылды

Картинки по запросу айсултан назарбаев

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жазады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Айсұлтан Назарбаев берілген арыз бойынша «Қазақстан футбол федерациясы қауымдастағы» ЗТБ вице-президенті міндетін атқарушы қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Осы жылдың ақпанында Айсұлтан Назарбаев ҚФФ-ның ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдары және ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалған еді.

Айсұлтан Назарбаев британиялық «Портсмут», «Локомотив» (қазіргі «Астана») және «Сұңқар» командалары сапында өнер көрсетті.