Солтүстік Корея Жапония мен АҚШ-қа "жер бетінен жоқ қыламыз" деп тағы сес көрсетті
2017 ж. 15 қыркүйек
3976
10
Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын қолдағаны үшін ядролық қарумен Жапонияны "суға батырып", АҚШ-тың "күлін көкке ұшырамыз" деп тағы да сес көрсетті. Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.
Солтүстік Кореяны насихаттаумен айналысатын Кореялық Азиялық -Тынық мұхит комитеті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін "зұлымдық күші" деп таратуға шақырды.
Онда сонымен бірге "Жапонияның төрт аралы суға батуы тиіс. Бұл ел біздің жанымызда өмір сүруге тиісті емес" делінген.
3 қыркүйекте Солтүстік Корея алтыншы, ең күшті ядролық сынақ өткізгеннен кейін Солтүстік Азиядағы жағдай шиеленісе түсті. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі АҚШ әзірлеген резолюцияны бір ауыздан қабылдады. Онда Солтүстік Кореядан тоқыма экспортына тыйым салынады. Сонымен бірге бұл елге мұнай өнімдерін жеткізуді қысқартады.
Чучхе – бұл Солтүстік Кореяның басқарушы идеологиясы. Мұны КХДР негізін қалаған Ким Ир Сен ойлап тапқан. Ол қазіргі лидер Ким Чен Ынның атасы.