Болашағымызға балта шауып болсаңыз, орныңыздан кетіңіз - желі қолданушысының Сағадиевке үндеуі
2017 ж. 11 қыркүйек
9793
72
Сағадиев кімнің бизнесін "дөңгелетіп" отыр? Білім министрі Сағадиев қаншама сын жазылып жатса да былқ етпейтін "періште" дерсің? Сыналған сайын күшіне мініп, бизнестерін "дөңгелетіп" отыр.
Биылғы жылы үлкен дауға қалған Сағадиев "БОЛАШАҒЫМЫЗДЫҢ КЕПІЛІ БІЛІМ" дегенді мүлде ойламайтын сияқты? Мына көрініс базардағы дүңгіршектерде түсірілді. Мектепте кітап тапшылығы өршіп тұрса, мынадай кітаптың саудасына жол ашып отырған министрлік кімнің сойылын соғып отыр?
[caption id="attachment_74557" align="aligncenter" width="645"] Фото А. Сүлееваның парақшасынан алынды[/caption]Айналайын көкетай, болашағымызға балта шауып болған шығарсыз? Әлде, оқушылар мен студенттер тәжірибе жасайтын "қоян" ба? Кітап мұқабасын ашып қалсаң тұнып тұрған қате, қайдағы Урган мен Чекисттерді жарнамалап, 3 сынып оқушыларына миларын улайтын дәріс бергенше баяғы СССР құрамына кіре салған дұрыс-ау? Әлемді аузына қаратып отырған Ресейдің "көшірмесін" оқушыларымызға тықпалағанша сауатты да білімді "қарт ұстаздардан" неге қолқалап кітапты дұрыстап алмасқа?
БИЗНЕСТЕРІҢДІ ТЫҚПАЛАМАЙ, БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАП БАЛДАРДЫҢ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫН ОЙЛАЙТЫН БОЛСАҢЫЗ ОРНЫҢЫЗДАН АБЫРОЙМЕН КЕТІҢІЗ.
ҰБТ-мыз анау, қайта қайта тізім жасақтап былықтары ашылып жатқанда қалай ғана "періште" болып отыр екен?
Анар Сүлеева, Фейсбук парақшасынан