Айсұлтан Назарбаев атасының өзін нашақорлықтан қалай құтқарғанын айтып берді
2017 ж. 05 қыркүйек
7756
13

Айсұлтан Назарбаев атасының өзін нашақорлықтан қалай құтқарғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
- Атам академик Мұхтар Әлиев қайтыс болғаннан небары жарты ай өткен соң австриялық түрмеде әкем Рахат Әлиев өз-өзіне қол салды. Өмір осылай алғаш рет маған жойқын соққы жасады. Елдің бәрі бақытқа шомылған байдық баласы деп санайтын жас Айсұлтан осынау ғаламдағы ең қайғылы адамға айналды, - деп жазады Айсұлтан.
Оның сөзінше осындай қиын кезеңде ол басына түскен жағдайды ұмыту үшін есірткіге бой алдырған.
- Мен дұрыс қадам жасадым. Мен ол туралы бірден атама айттым. Басқа Президент мұндай жағдайда мәселені жабулы қазан күйінде қалдырғысы келер ме еді? Бірақ, Нұрсұлтан Назарбаев емес. Оның айтқаны есімде: "Шынайы болғаның дұрыс. Бұл қиын ауру, бірақ оған душар болған сен алғашқы да, соңғы адам да емессің. Сенің ауруды жеңуге күшің жетеді", - деп еске алады Айсұлтан.