Белгілі ақын Қазыбек Иса Әлемдік өнер және мәдениет Академиясының мүшесі атанды

Белгілі ақын, Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса Әлемдік өнер және мәдениет Академиясының мүшесі атанды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.

Дүниежүзілік 37-поэзия конгресіне қатысқандардың бірі ақын Ұлықбек Есдәулет өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш шараның өтуі туралы жазды.

Əлемдік өнер жəне мəдениет Академиясының Алтын медалін сол ұйымның президенті өз қолымен тағып, əлемнің үздік ақындары қауымдастығына қабылданғаным жөнінде сертификат тапсырды. Мұндай медаль моңғолдың көрнекті ақыны Нямба екеумізге бұйырды. Ал біздің Қасымхан Бегманов бауырымызға сол Академия атынан гуманитарлық саланың докторы атағы беріліп, дипломын салтанатпен табысталды. Сондай-ақ, конгреске қатысқан Қазыбек Иса мен Ғалым Қалибек төртеуімізді осы Академияның мүшелігіне қабылдау туралы ұйғарым жасалғаны, Қазақстанда осы Академияның бөлімшесін ашу құқығы берілетіні туралы жағымды жаңалық естідік. Конгресс шығарған антологияға осы ақындар жырлары жарияланыпты, - деп жазды ол.

Қазақ үні