ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНҰЛЫНЫҢ ДОМБЫРАСЫ ТАБЫЛДЫ
2017 ж. 12 тамыз
4416
2
Бұл халқымыздың басынан өткізген бірнеше тарихи кезеңдеріне байланысты әңгіме. Өткен ғасырдың басында Кеңес өкіметінің әдейі ұйымдастыруымен жасалынған жаппай ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін қазақ халқын баудай қырып, небір сұмдыққа толы геноцидті іске асырды. Ұлтымыздың бетке ұстар жақсылары мен жайсаңдарына КСРО мемлекеті басшылығы тарапынан «халық жауы» деген жала жабылып атылды. Сол тұлғалардың қатарында қазақ рухының биіктеуіне үлкен үлес қосқан ұлы ғалым Құдайберген Жұбанұлы (1899-1938) да бар. Осы бір аяулы тұлғаның қаншалықты ұлтшыл екенін кезінде өзінің тегін Жұбанұлы деп жазғанынан білдім.
Қ.Жұбанұлы нағыз энциклопедист ғалым болды. Өз қолымен толтырған құжаттарда ол 18 тілді еркін меңгергенін және ол тілдердің көбісін: байырғы түркі, араб, грузин, коми, моңғол, неміс, парсы, орыс, шуаш, жапон және басқа да көптеген түркі тілдерін білетінін жазады.
Ол елінің жарқын болашағын армандап өмір сүрген жан еді. Педагогикалық институттың жалпы тілтану және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. Сонымен қатар негізгі жұмыс орынынан басқа бірнеше жерде де жұмыс істеуіне тура келді. Халық Ағарту комиссариятының коллегиясының мүшесі, оқыту-әдістемелік кеңесінің төрағасы, бөлім меңгерушісі, республикалық терминология комиссиясының төрағасы, ұлттық мәдениет институтының ғылыми кеңесінің мүшесі бола жүріп және басқа да қызметтер атқарды.
Құдайберген Жұбанұлы орта мектепке арналған қазақ тілі грамматикасының жаңа оқулықтарын жазды. Оның қаламынан қазақ тілі туралы негізгі ғылыми еңбектер: қазақ және орыс тілінде түсіндірмелері бар «Қазақ тілінің академиялық сөздігі», үш томнан тұратын «Фонетика», «Морфология» «Синтаксис», «Қазақ тілінің ғылыми тілі бойынша лекциялар», ғылыми тілтаным жинағы және басқалар шықты. Жалпы алғанда баға жетпес 17 ғылыми еңбек, онымен қоса мал шаруашылығында қолданылатын одағай сөздер туралы екі баяндамасы із-түссіз жоғалып кетті. Бұл ғылыми жұмыстар баспаға уақтылы ұсынылғанымен, ғалым тұтқынға алынған соң басылмай қалған.
Кейін Қазақстанда Ғылым Академиясы ашылып, қуғын-сүргінге түскен ғалымдардың ғылыми зерттеулері пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл тізімде Құдайберген Жұбанұлының еңбектері де бар еді. Сол кездері атақты жазушы Мұхтар Әуез ғалымның інісі композитор Ахмет Жұбанұлына: «Тек Құдайбергеннің зерттеу еңбектері баз біреулерге төрт докторлық және жеті кандидаттық диссертация қорғауға жетті» деп айтыпты...
Қ.Жұбанұлының бүгінге жеткен еңбектерімен танысқан кім де болса, бұл сөздің шындыққа жанасатынын мойындайды. Бұл жөнінде ғалымның қызы Мүслима Құдайбергенқызы өз естелігінде бірнеше мысал келтірген, солардың бірі мынадай: «...Академик Ісмет Кеңесбаев өзінің тірі кезінде: «Менің атымнан шыққан әліппені сенің әкең бастап жазған болатын, қолы тимей аяқтай алмағандықтан маған берді», – деп өз аузынан айтып еді. Әліппені өз атынан шығарса да, әкеміз ұсталғаннан кейін қаламақысын шешеме беріпті».
Ия, ол кез сондай аласапыран уақыт еді...
***
Мен өз басым осы бір ұлы ғалымның домбырасын іздеймін деп ешқашан ойлаған жоқ едім. Әкем, әдебиетші ғалым Әсілхан Оспанұлы қызметі кітаптармен тығыз байланысты болғандықтан, біздің үйдің балалары – екі қызы мен алты ұлы, бәріміз жастайымыздан кітаптардың арасында өстік. Бірде әкеммен жақын таныс болған, қазақтың белгілі ақыны Әбділда Тәжібайұлының «Жылдар, ойлар» атты кітабын қызыға оқыдым. Ақын ата осы жазбасында композитор Ахмет Жұбанұлы туралы айта келіп оның ағасы Құдайберген Жұбанұлының домбырасы туралы да сыр шертеді.
Профессор Қ.Жұбанұлына өкімет басшылығы тарапынан «халық жауы» деген жала жабылып тұтқынға алынған соң, ғалымның отбасы қиыншылық көріп үйдегі заттарын сата бастайды. Бір күні ғалымның жұбайы отағасының домбырасын сату туралы да ұйғарымға келеді. Ғалымның інісі сол кезде досы Әбділдаға телефон шалады. Естелікте бұл оқиға былайша баяндалады:
«…Ахмет біздің үйге телефон соқты.
- Әбеке, жеңгеміз ағаның домбырасын базарға шығарады екен, соны
- Түсіндім, Аха! – дедім, оны ыңғайсыздықтан тезірек құтқару үшін, –
- Маған шамалы күнге бес жүз сом бере тұрыңыз, өте қажет боп
- Ах! – деді анам, домбыраға жас толған көзімен жылай қарап. –
- Шақыр, келсін, – деді апам сыбырлап.
- Мен мұны үш рет қайта істеткенмін – деді домбыраның шанағын
- Нұреке! –деді дауысы дірілдеп. – Аз ғана күн сұхбаттас болдық, өз
- Сендер қимасаңдар, мен де қимаймын. Айеке, қимасам да қайтемін,
- Іші томпайған келінім аман босансын, ұл тусын! Сол ұл Айманкүл,
- Құдайберген Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 2010.
- Мүслима Жұбанова. Әулет және заман белестері. «Арыс» баспасы, Алматы, 2009.
- Әбділда Тәжібаев. Жылдар, ойлар. «Жазушы» баспасы, Алматы. 1976.
- Нұрпейіс Байғанин. Шығармалар. «Қазығұрт» баспасы, Алматы, 2014. 3-том.