Шыңғыс хан "қазақтың арғы ханы"
2017 ж. 10 тамыз
6118
25
Шыңғыс ханның жеке басына қатысты толастамай келе жатқан мұрагерлік дауға оның бір кездегі қарашасы болған бүгінгі руластары емес, өз кіндігінен тараған ұрпақтары нүкте қойып, соңғы сөзді де солар айтуы тиіс. Төре тұқымдары қазір қазақтың арасында ғана көп. Енді, басқа халықтың арасында жүрген ұлы ханның ұрпақтары болса, бәрі бас қосып, бұл істі біржақты етіп шешіп беруі керек. Олай етсек, тарихи дау қазақтың пайдасына шешілгелі тұр. Шыңғыстай сайыпқыранның 18-ші ұрпағы болған Абылай ханның шөбересі Шоқанды біз әлі күнге дейін «қазақ зерттеушісі» деп келеміз ғой. Егер төрелер арғы бабаларының қазіргі қай ұлтқа жақынырақ екенін өздері шегелеп шешіп берсе, болашақта Шыңғыс ханды да дәл осылай «қазақтың арғы ханы» деп айта алады екенбіз. Қазақ хандығы үшін басын бәйгеге тіккен қаһарман хандарымыздың арғы атасы неге "қазақтың арғы ханы" бола алмайды?
Жолымбет Мәкіш, Фейсбук парақшасынан