Шенеуніктер жарты жылда 150 млрд теңгені жымқырған
2017 ж. 04 тамыз
2168
2
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеулер қызметі жарты жылда атқарған жұмысы бойынша есеп берді, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы алты айдың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 48 іс қозғалды. Соның 29-ы сотқа жіберілді. Жалпы, Экономикалық тергеулер қызметінің үлесінде шамамен 1,5 мың ауыр және аса ауыр қылмыстық іс болды. Аталған істердің 67 пайызы аяқталды.
«Аяқталған істер бойынша мемлекетке келген шығын 151,5 млрд теңгені құрады. Аталған қаржының бәрі әлеуметтік бағдарламаларға арналған болатын. Ол ақшаға шамамен 70 мектепті немесе 80 балабақшаны тұрғызуға, немесе 40 ауруxананы салып, оны толығымен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге болатын еді», – дейді профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының бастығы Арман Есембаев.
Оның айтуынша, бүгінде 48 млрд теңге қайтарылды. Оған қоса, 24,2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді.