Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды (ФОТО)
2017 ж. 01 тамыз
4165
2
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымынан Алтын адамның табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Бұл туралы «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали мәлім етті.
«Сүйінші, ағайын! Тағы да көне дәуірдің көзіндей болған құнды жәдігер! Сақ дәуіріне тән түрлі дүниені бүгінге бүтіндей жеткізген Алтай таулары маңындағы Берел қорымынан Зейнолла Самашев бастаған экспедициялық топтың қазба жұмыстары нәтижесінде, тағы бір Алтын адам табылды. «Қасиетті Қазақстан» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысына іссапарға барып, осындай айтулы жаңалыққа куә болдым», – дейді желідегі парақшасында Берік Әбдіғали.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жауапты ведомстволарға өңірдегі тарихи-мәдени орындардың «Қызыл кітабын» дайындауды тапсырған еді.