Өзін-өзі өлтіруге жеткізу бойынша іс қозғалды - Бас прокуратура Жампозов өліміне қатысты
2017 ж. 23 шілде
4356
9
Оқиға болған күні Бас Прокурор, яғни а.ж. 20 шілдесінде іске қатысты барлық мән-жайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы өкілді ауданға жіберді.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі таңда О.А.Жампозов бюджет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталып отырған қылмыстық іске қатысты прокурордың ұстанымы қаншалықты негізді екенін анықтау үшін қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Сонымен қатар Бас прокуратурамен өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу бойынша іс Целиноград АІІБ қозғалып, ҚР ІІМ қайта жүктелді. Сотқа дейінгі алдын ала тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау Астана қаласының прокуратурасына жүктелді. Егер жоғарыда аталған факт расталған жағдайда, осы оқиғаға қатысы тұлғаларадың барлығы заң алдында жауаптылыққа тартылатын болады.
О.А. Жампозов пен өзге де бес азаматқа қатысты бюджет қаражатын талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық істі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тергеу жұмыстарын жүргізді.
Осы оқиғаға байланысты а.ж. 24 шілдесінде облыс прокуратурасынан осы іс бойынша жаңа прокурор сот процесінде сот тергеуiн қайта бастау туралы өтінішхатты мәлімдейді
Прокуратура атқарылған жұмыстарды қоғам назарына мәлімет үшін жеткізіп отыратын болады.
Бас прокуратура О.А. Жампозовтың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Сондай-ақ іске қатысты барлық жайтты толық, жан-жақты және объективті түрде жүргізілетініне кепілдік береді.
http://www.qazaquni.kz/2017/07/21/72385.html