Серік Бейсембаев - Қазақстанда ҰЛТШЫЛДАР партиясы неге жоқ?
2017 ж. 22 шілде
4165
6
Сарапшылар бірнеше рет атап өткендей, былтырғы жер дауына қатысты митингтер ең алдымен ұлттық-патриоттық сипатта орын алған. Қытайлықтарға жерді сатуға және жалға беруге қарсылар туған жерге, тарихқа және тәуелсіздік секілді ұғымдарға жүгінген. Қарсылық танытқандарды, сөзімен болса да, ұлттық-патриоттық (қазір «ұлтшылдық» сөзін осылай жұмсартып айтады) лагерьдің қайраткерлері қолдады. Сонымен бірге, ұлттық патриоттардың мемлекеттік ЕАЭО мүшелігінен шығуы, қазақ тілінің рөлін күшейту секілді бастамалары танымалдылыққа және қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Дегенмен, Қазақстанда әлі де ұлтшылдар партиясы жоқ.
Бұл туралы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
Партия неге жоқ?
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Серік Бейсембаев «ұлтшылдық түсінігінің өзі Қазақстан жағдайында шектен тыс кері әсіреленгеніне» сенім білдірді.
Сондықтан, Бейсембаевтың сөзінше, әрбір саясаткер «қоғам алдында өзін қазақ ұлтшылы ретінде көрсету оған қазіргі жағдайда ешқандай пайда әкелмейтінін, керісінше сын-қатерлердің көп болатынын» жақсы түсінеді: «Оған қоса, қазір өзін ұлтшылмын деп атамай-ақ ұлтшылдық бастамаларды жүзеге асыруға болады.
Ұлтшылдар партиясы керек пе?
Серік Бейсембаевтің пікірінше, мұндай партияның құрылуы екіталай, себебі, қазақ ұлтшылдарында нақты идеология жоқ. Сонымен қатар, социологтың айтуынша, елдегі ұлтшылдық жеке тұлғалармен ғана белгілі, бірақ, «электоратпен жұмыс істейтін» саясаткерлермен емес: «Қазақ ұлтшылдығының дискурсы әлі де аморфты болып қалуда. Қазақ тілі мен тарихты қайта қарау мәселесіне қатысты келіскен ұстанымдар бар, алайда, нақты саяси идеологияға жету әлі алыс», - деп есептейді Бейсембаев.
Ұлтшылдар тек тіл мәселесінде нақты ұстанымға ие, қалған мәселеде пікірлер қақ бөлінеді, бұл оймен Қанат Нұров та келіседі. «Ең үлкен келіспеушілік ішкі саясат бағытына қатысты. Либерал-демократтар қанаты, исламистер қанаты, социал-демократтар қанаты және үлкен белгісіз «батпақ». Ұлтшыл-патриоттар мен ұлтшыл қайраткерлердің әлі танымал болмай жатуының себебі осындай», - деп санайды «Аспандау» қорының басшысы.
Бейсембаев, сондай-ақ, ұлтшылдарды екі тарапқа бөлді –
«дәстүршілдер», шығармашылық интеллигенция өкілдерінен құралған, және блогерлер мен саясаткерлерден құралған «либералдар».
«Екі тараптың негізгі айырмашылығы «қазақ ұлты» сөзін түсінуден басталады – біріншілер үшін бұл таза этникалық санат болса, екіншілер үшін бұл азаматтық мәселесі. Бұл екі позицияның бір-біріне деген радикалды қарсылықтарына қарамастан аталмыш мәселеге қатысты айтарлықтай пікірталастарды байқап отырған жоқпыз», - деп айтқан Бейсембев, бұл мәселеге қатысты қазу пікірталастарды әлі көретінімізді алға тартты.
Алайда, жақын арада біз «қазақ партиясын» көруіміз екіталай, дегенмен, солай болған күннің өзінде, Серік Бейсембаевтың айтуынша, партия биліктің бастамасы арқылы болмаса да, мақұлдауымен құрылған күнде оның «жоғары жағы» болады, ал оның еш жақсылығы жоқ. «Халықтың саяси мәдениетін арттыру мен тұрақты саяси модельді қалыптастыру қажеттілігі жағынан қарасақ, қалыпты ұлтшылдар партиясын құру («жоғары жақтың» жобасы ретінде) нәтижелі шешім болады деп санамаймын. Кез-келген партияны ойлап табуға болады, алайда, ашық саяси күрес пен әділ сайлау болмаса, бұл тек қана саяси процесстің имитациясы болып қала береді», - деп қорытындылады сөзін.