Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. КОРРУПЦИЯ ХАНЫМ...

ӨМІР - ӨЛЕҢ

      КОРРУПЦИЯ ХАНЫМ...   Орман жұртында бой жеткен пері қыз еді, Кеудесін ашып, көтеріп қойып тізені,- Алтын ба, жауһар, күміс пе, бәрін тауып ап, Көрсетіп арбап, көзінен бізге тізеді.   Түсі жылы ғой? Қойыны , бірақ, мұздай деп, Айтады ел неге? Көгерген көзі тұздай боп,- Баяғы кезде кемпір-ді мынау  албасты, Боянып  шықты он алты жасар қыздай боп?   Етегі-күйе, күнде өртке  түсіп, күйгендей, Бір байдан шығып, бір байға барып тигендей? Жуандарымның көбісі тәнті өзіне, Жұбайын-дағы сүймейді-соны сүйгендей?!   Құшағы мұның күн сайын гүлге толады, Алаштың басын арбайды біраз ол әлі; Әкесі оның мұжығы болса орманның, Шешесі-Совет Одағы...   Совет Одағы-  кешегі... Бізде несі енді,- Бар еді мұның, бермей-ақ қойды есемді?! Шымкентте неге боқтайды десем шешеден, Шірітіп жүрген сенсің бе елді?!. ... Шешеңді... Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ qazaquni.kz