Димаштың Қытайға көмек ретінде 14 миллион аударуы қазақтардың наразылығын тудырды
2017 ж. 04 шілде
3792
15
Әнші Димаш Құдайбергеннің Қытайға көмек ретінде 14 миллион теңге аударғаны туралы ақпарат бүгін тараған еді. Соған байланысты әлеуметтік желіде дүрліккен жұрт оның бұл әрекетіне наразылық білдіруде.
Желі қолданушылары "алдымен өзімізді жарылқап алайық" деген мағынадағы жазбаларын жариялай бастады, деп хабарлайды Caravan.kz.
Мысалы, Сапарғали Тұрғынұлы есімді Фейсбук қолданушысы былай деп жазған:
"Димаш Құдайберген қытайдың су басқан провенциясына өз қалтасынан 14 миллион теңге аударды!!! Қалай ойлайсыздар? Пікірлеріңізді ортаға талқыға салып көрейікші!
1-шіден, Димаш қай елде туылғанын ұмытпауы керек! 2-шіден, Бірінші қайырымдылық істі Димаш өзінің туған елінен бастағаны дұрыс еді! 3-шіден, басқаларға үлгі болар еді!
Пайғамбардың өзі айтады; Жақсылықты бірінші өзіңе жаса, Артылып жатса, жақыныңа жаса, Одан артылса, садақа жаса деген!
Димаштың тапқанынан ешкім дәметіп жатқан жоқ! Егер Димаш осындай істі өз елінен бастаса, жарты бас байлар көп қой, солар қолдап, осындай іс шаралар көбейеме деген ой ұсыныс! Жап-жас Димаш осындай іс жасаса, басқаларға үлгі болар еді деген ой ұсыныс! Бұйырсын ақшасы өзіне!"
Бұл пікірді біреулер қолдаса, енді біреулер көмек бергені дұрыс деп жатыр. "Көмек бергені дұрыс" дейтіндер Димашты Қазақстан емес, Қытайдың көтергенін алға тартуда.
Айта кетейік, бүгінде әлемге атағы жайылған қазақ әншісі 14 миллион теңгені Қытайдың Хунань елді-мекенінде су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде аударған болатын.