Путин Қазақстанға 300 мың гектар жерді қайтару туралы құжатқа қол қойды
2017 ж. 02 шілде
2745
2
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанмен Ембі полигонын пайдалану және жалға алу туралы келісімді тоқтататын хаттамаға қол қойды, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бұл полигон 1960 жылы КСРО Қорғаныс министрлігі әуе қорғанысы күштерінің әскери техника мен қару-жарақтың жаңа түрлерін сынақтан өткізу және пайдалану, оқу-жаттығу өткізу алаңы ретінде құрылған. Кеңес Одағы ыдыраған соң бұл жерді Ресей тарапы жалға алып келді. Сондай-ақ, Ресей тарапы ел экономикасы үшін шамамен жылына 718 мың АҚШ долларын үнемдейтіндерін жариялаған. Ембі полигонына қарасты болған Жем қаласындағы жылжымайтын мүліктер 2011 жылы қайтарылған. Ал полигон 2008 жылдан бері бос жатқан. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонынжалдау туралы Шартта жыл сайынғы жалға алу ақысы 4,694 миллион АҚШ долларына баламды соманы көрсетілген. Енді құжатқа сәйкес, 300 мың гектар жер Қазақстанға қайтарылады. Хаттама өз күшін 2017 жылдың 1 қаңтарынан күшін жояды.
Айта кетейік, биыл 5 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ембі полигонын Ресейге жалға беру туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойған болатын.
"Мемлекет басшысы "1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Эмба полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ полигонын (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі заңға қол қойды", - делінген еді Ақорданың сайтында.
Ал кейін қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров Ресейдің Ембі полигоны территориясында қандай сынақтар жүргізгенін айтып берген еді. Министрдің орынбасары полигонның 1960 жылы зерттеу жұмыстарын, жаттығуларды жүргізу үшін құрылғанын айтты.
"Негізінде ол жақта құрлық әскерінің әуе шабуылына қарсы қаруы қолданылды. Барлық ракета отынмен атылады, басқа қаруларға қарағанда мұның табиғатқа зияны жоқ. Сонымен қатар, өткен жылы біз әкімдікпен бірге зерттеу жүргіздік, топырағын тексердік. Зертхана сараптамасының қорытындысында нормадан асатын жағдай болмады", - деген еді Оқас Сапаров.