ЖАНЫ ЖАЙСАҢ, ЖАҚСЫ АҒА!
2017 ж. 15 маусым
3533
1
Белгілі қаламгер, беделді баспагер,
жайсаң жанды нартұлға ағамыз
Ырым Кененбайға
Болған кезде қажеті, Көмегі көп молынан. Қаншама ел газеті, Өтіп жатыр қолынан. Ұлағат көп ұға алар, Күмбірлейді күйі шын. Шығармасы шығарар, Шырайлы өлке иісін... Тұлғаңызға қарасақ, – Туы биік батырсыз. Пайым менен парасат Сыйлап келе жатырсыз. «Қызғалдақты кешкен қыз» Қыр астында қалды ма? Қалмай жүрген көштен біз Талай келдік алдыңа... Құтты болсын жетпісің! Тарлансыз ғой текті шын.. Екі отыз бес қуаты – Арта берсін көп күшің. Бар газетті жинап ап, «Алатау» боп қорғашы, Хан сарайдай ғимарат, Болсын табыс ордасы! Ардақтыға арнайды, Ақын біткен жырды ұзын. Жарқыратқан маңдайды, «Құрмет» – болсын Жұлдызың! Күтуде ел, дала да, Асулар да бар асар... Парасатты ағаға «Парасаты» жарасар! Келе берсін іздеп ел, Келешекті баспаға... Жайсаңдықпен Жүзге кел, Жасай бергін, жақсы аға! Қазыбек ИСА qazaquni.kz http://www.qazaquni.kz/2017/06/14/70851.html