Танымал қазақ ақыны кітап шығарған Есентаеваның әрекетін «қылмысқа» теңеді
2017 ж. 14 маусым
5024
7
Танымал продюсер Баян Есентаева өзінің алғашқы кітабын жарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Ол тырнақалды туындысында бұрынғы күйеуімен отасқан 22 жылда басынан өткергенін жайып салмақшы. Алайда аяқ астынан қолына қалам алып, жазушыға айналған Мақсатқызына ақын-жазушылардың айтары бар.
«Еуразия» арнасына берген сұхбатында жазушы Аманхан Әлімұлы опасыздықты елге жария еткен Есентаеваны сынап тастады, - деп жазады stan.kz.
«Қалтасында қаржысы барлар кітап жаза бастады. Ал шын мәніндегі ақын-жазушылар екінші планға ысырылды. Мысалы, мен біреуден көрген опасыздығымды, жамандығымды, болмаса махаббатан жолым болмағандығын, сәтсіздікке ұрынғанымды көз жасымды көлдетіп жазып, соны жамандап, жаман етіп көрсетіп жазсам, ол ешқандай моральға сыймайды», – дейді «Ақиқат» журналының бас редакторы, жазушы Аманхан Әлімұлы.
Ал танымал ақын Мырзан Кенжебай кітап шығарған Мақсатқызының әрекетіне «барып тұрған қылмыс» деп баға берді.
«Баян Есентаеваның кітабынан менің ұлдарым, менің қыздарым қандай өнеге алады? Баян Есентаева адам баласына үлгі көрсететін адам ба? Моральдық жағынан оның құқы жоқ. Басынан өткенін жазып, оны көп данамен шығарып, оны жұртқа насихаттау деген барып тұрған қылмыс», – дейді ол.