Бибігүл Төлегенованың қазақ тілін керексіз қылғаны ұмытылған жоқ
2017 ж. 02 маусым
62894
321
Қазақтың бұлбұлы, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенді көкке, ал Қайрат Нұртасты жерге теңеген болатын. "Ауруда шаншу, сөзде қаңқу жаман" дегендей, Қайрат Нұртастың артынан қаңқу сөз қалмай келді. Жаста болса ерте есейген өнер иесі. Б. Төлегенова апамыз бұл жолы тым қатты айтыпты.
Меніңше Б.Төлегенова солай кері айтуына қазақ тілі мен рухына қырын қараушылығынан қарастырғанымыз жөн. Шетелдің даңғаза, маңгүрттендіретін әуеніне үйір жастарды Қайрат, қазақ өнеріне қайтарды.
Талай жылдың алдында Б. Төлегенова, М.Шахановтың жоғарыға жазған тіл туралы қазақ зиялылардың қатарына, фамилиям жазылып кетіпті деп шыр- пыр болғаны бар. Онымен қоймай орыс тілін бұрыннан сөйлеп жүрміз деп қазақ тілін керексіз қылғаны ұмытылған жоқ.
Өзін әлемге танытқан қазақ тілді әндер екенін ұмытып, қазақ тіліне жеріне қарағаны саналы жұрттың есінде. Демек осындай құндылыққа қырын қарайтын ол кісі Қайратты жерге ұрғанына таңқалмаймыз. Бұл жерде Димаштың өнеріне құрметпен қараймыз. Алайда Қайрат ел ішіндегі рухани жаңғырудың ұлттық шеберліктегі ән Еруресеті. Эстрада ән сатысының шыңы деп баға беруге болады. Оны сол музыка мамандары беріп жүрген әрі халықтың бағасы. Ол басқа тілсіз, рухсыз әншілерге ұқсамайды өзгеше даралығы бар. Маскеуде орыс жерінде тұрып Орынбор қазақтың жері деуі ерлікпен пара пар. Тілге дегдар болуы, мешіт салдыруы, иман келтіріп, намаз оқуы жас та болса ақыл, парасатының барлығы.
Сын айтушы қазақ тілін керексіз етті, Ал Қайрат сол ана тілінің дамуын үндеді. Осында екеуі тең бе, тең емес. Ақыл адамның жасына емес, басына қонады екен осыған қарағанда. Димаш пен Қайрат әндері құстың қос қанатындай, бірін-бірі толықтырып отырады...
Серік Боқан,
Қамшы