АЛАШ АРЫСТАРЫН аза тұтарда Қоянбаевтың ыржалағын қоя тұруға болмай ма?!.
2017 ж. 31 мамыр
8160
12
Белгілі журналист Арман Сқабылұлы қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Ұлттық арнадан Нұрлан Қоянбаевтың бағдарламасы көрсетілгеніне наразылығын білдірді.
Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталы.
- Бүгін Елбасының сөзімен айтсақ "Ұлттық аза тұту" күні! Бұл күні бүкіл телеарналар əдеттегі сайқымазақ бағдарламаларынан бас тартып, қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын тағылымды дүниелер берсе дұрыс болар еді. Өз басым Ұлттық арнадан Алаш арыстарына арналған деректі фильмдер топтамасын көптен күтіп жүр едім. Ерлан Қариннің батылдығына да ризамын. Өкінішке орай, Танакөз Ильясованың "Алаш аманаты" арнайы жобасын бүгін 17.50-ге қойған арна басшыларына қатты қапа болып отырмын. Телевизияда бұл "өлі уақыт". Көп ешкім көрмейді. Жұрт жұмыстан қайтады. Жолда. Есесіне прайм-таймда Қоянбаевтың "ыржалақ" бағдарламасы тұр. Испан, түрік сериалдары да орнында. Дəл бүгін соларды ысыруға болатын еді ғой! Ереке (Е. Қарин - ред), бұларыңыз қалай? - деп жазды Сқабылұлы.
Айта кетейік, соңғы уақытта "Қазақстан" ТРК жиі сынға ұшырауда. Көрермендер корпорацияға қарасты арналардың сапасыз бағдарламаларына үлкен наразылықтарын білдіруде.
"Балапан" балаларымызды БУДДАҒА табындырмақ па?
Мысалы, желі қолданушысы Алма Сайлауқызы "Балапан" телеарнасы көрсеткен "Адина мен Мадина" бағдарламасында балалардың Будданың фонында билеп, өнер көрсеткендерін атап өткен еді.
Басқасы жетпегендей, енді балаларымызды Буддаға табындыру қалды ма? "Ал "Адина мен Мадина" деген орысша аттарды "Әдина мен Мәдина" деп жазуға Ұлттық арнасы бар, "БАЛАПАНЫ" бар, ешкімнің ойына келмегені басқа әңгіме?