Дәурен Абаев георгий ленталарын тағудан саяси астар іздемеуге шақырды
2017 ж. 12 мамыр
2744
9
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев георгий лентасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.
Дәурен Абаев заманауи қазақстандыққа көк түсті лента жақынырақ екенін, дегенмен қандай түстегі лентаны тағатынын әр адам өзі шешетінін алға тартты.
"Біздің азаматтардың 99 пайызы тоғызыншы мамыр Жеңіс күнін есінде сақтайды. Бәріміз бұл мерекені ерекше жақсы көреміз және сыйлаймыз. Бұл - ең бастысы. Ал қалғаны саясаттан шығады деп ойлаймын. Басты идеология - бұл мерекені жыл сайын тойлап, есте сақтайтынымыз", - дейді министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасына берген сұхбатында.
Дәурен Абаев георгий ленталарын тағуға қатысты да пікір білдірді.
"Мұнда бәрі айтарлықтай жеңіл деп ойлаймын: біз кімнің не істеуі керектігін бұйыра алмаймыз. Адамдар (лентаны - ескертпе) бірінші кезекте естелік ретінде тағуы керек. Заманауи қазақстандық тәуелсіздік елімізге тікелей қатысы бар көк лентаны таққанды жөн санайтыны бөлек әңгіме", - дейді ол.
Министр георгий лентасы Ұлы Отан соғысының символына 2000 жылдардың басында айналғанын еске салып, оның 1941-45 жылдары символ болмағанын ескертті.
"Бұл мәселеден саясат іздемей-ақ қояйық. Бастысы - біздің ата-бабамызға деген қарым-қатынасымыз, оларға деген махаббатымыз бен сыйластықты сақтау", - деп ойын түйді Абаев.