Галактикадағы жарық жұлдыздардың біріне Димаш Құдайбергеннің аты берілмек (фото)
2017 ж. 05 мамыр
2279
3
Қытайдың «Singer» байқауында жұлдызы жанған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайбергенге қытайлық жанкүйерлері (Dears) әншінің туған күніне әйгілі Андромеда галактикасындағы бір жұлдызды сыйға тартпақшы деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Қытайдағы «Димаштың әпкелері»(@迪玛希姐姐站_DimashSister)атты фанаттар тобы өздерінің Вейбо әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында мәлім етті.
Мәлімет бойынша, олар Американың Name A Star Live жобасы арқылы Андромедадағы бір жұлдызды сатып алып, оны Димаш Құдайберген деген атпен жұлдыздар картасына енгізіпті. Бұдан бөлек олар бұл жұлдыздың атауын Space Service INC (SSI) тізіміне енгізіп үлгерген. Бұл тізім мәңгі SSI-дің ғарыштағы мұрағатында сақталады.

