Коммунист Косарев шатақ шығарды! Лениннің мүрдесін Қазақстанға әкелмекші
2017 ж. 23 сәуір
4410
20
Лениннің мүрдесін Қазақстанға әкелу туралы тілегін «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Владислав Косарев Informburo.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Біз Лениннің денесін Қазақстанға әкелу туралы бұрын да айтқанбыз. Оны бізге беріңдер. Бұл әбден мүмкін. Лениннің денесін осында әкелуге болар еді ғой, бірақ, оның қоқыста жатқан денесін қалпына келтіре алмайтындай билік алдында қаншалықты дәрменсіз едік?», -дейді Косарев.
Бұдан бөлек мәжілісмен Ресей коммунистері Лениннің денесін жерлеуге және Қызыл алаңдағы Мавзолейін бөлшектеуге жол бермейтіндігін айтады.
«Ленин мен оның ескерткішіне деген жек көрушілік сезім бұрын да болған. Қазір де бар. Қоғамды жаңартуды және үлкен капиталистік қоғам жасағысы келетіндер оны жер жүзінен жоқ қылып жоқ қылып жіберуге дайын. Бұл тарихымыздың Кеңестік кезеңін еске түсіреді. Бұл алаңдаушылықтардан арылармыз деп ойлаймын және мен Ресей коммунистерін бірігіп күш жұмылдырып, олардың қысымына қарсы тұруға шақырғым келеді», - дейді "Халықтық коммунистер" фракциясының мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Владислав Косарев.
Айта кетейік, Украина Советтік кезеңнің қалдықтарынан арылу үшін Лениннің барлық ескерткіштерін құлатқан болатын. Бұрынғы Кеңес Үкіметінің құрамында болған біраз елдер де сол дәуірдің қалдықтарынан құтылу үшін көптеген істер атқарды. Сондықтан депутаттың бұл ұсынысы қисынға келмейді.