Мирзиеев Путинді өзбекше сөйлетті, қазақша кім сөйлетеді?
2017 ж. 06 сәуір
6142
11
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тұңғыш рет ресми сапармен Ресейге келді. Ислам Каримовтің ізбасарын мұнда үлкен қошеметпен күтіп алған деп хабарлайды kp.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Өзбекстан президентіне Ресейдің ресми тұлғаларын жеке-дара таныстырған Путин екі ел арасындағы достық пен қарым-қатынасқа ерекше назар аударды.
Бір қызығы, кездесу барысында диктор бірнеше мәрте қате жіберді. Ол біресе ресейлік шенділердің тегін айта алмай, тіпті, Шавкат Мирзяевтің әкесінің атын айтуда да қате жіберді. Осы сәтте Путин дикторға көмекке келіп, Мирзияевтің тегі "Миромонович" екенін дауыстап айтты.
Кездесу соңында тост сөйлеген Путин өзбекше сайрап, "Сог Булинг!" деп сөзін аяқтады. Бұл өзбек тілінен аударғанда "Деніңіз сау болсын" деген мағынаны білдіреді.