Қазақ әйелдерін жалаңаш қылып салған орыс суретшісінің туындысы дау туғызды (ФОТО)
2017 ж. 27 наурыз
10559
14
Әлеуметтік желіде Николай Хлудовтың картинасы төңірегінде дау туындады. Көпшілік жалаңаш қазақтар туралы суретшінің қиялынан туындаған картинаның желіге жариялануына наразылық танытты. 19-ғасырдың соңында салынған туындыда суретші қазақ әйелдерін жартылай жалаңаш етіп көрсеткен. Бұл турлы Caravan.kz медиа порталы informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Кейбір пікір білдірушілер мұны кейбір топтардың қазақтар туралы қасақана ұйымдастырып отырған ісі деген ой айтады.
Ал даулы картинада кимешек киген әйелдер жүн түтіп отыр. Олардың бірқатарының кеуделері ашық.
Белгілі өнертанушы Валерия Ибраева оқырман арасында дау туғызан картинаны шындыққа жанасады, деп одан бетер отқа май құйып қойды. Оның пайымдауынша, Хлудов көргенін салған. Яғни өздігінен ештеңе ойлап тапаған.
Хлудовтың тағы бір картинасында кеудесі жалаңаш қыз түйенің бұйдасын тіспен босатып жатыр.
«Хлудовтың өзен жанында жартылай жалаңаш қыздың жуынып жатқан тағы бір картинасы бар. Сонда сіздер, қазақтар шешінген жоқ, дейсіздер ме? Еуропада ертеде лас өмір сүргені белгілі. Ал Қазақстанда таза. Кешіріңіз, көшпелі өмір сүру, қайбір тазалыққа кепіл болады дейсіз»,- депті Валерия Ибраева.
Ал Николай Хлудов 1850 жылы туып, 1877 жылы Верный қаласында жұмыс істеген.Кейін Жетісу аймағында топогров-суретші ретінде қызмет етеді. Оның бірқатар еңбектері Мәскеу, Санкт-Петербург, Бішкек және Алматы қалаларында сақтаулы.