Головкин Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді (ФОТО)
2017 ж. 19 наурыз
2384
2
Қазақстандық Геннадий Головкин америкалық боксшы Дэниэл Джейкобсты қазылар алқасының шешімімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz қазақ бөлімі. Айта кетейік, бұл Головкиннің мансап жолында 12-ші раундқа созылған тұңғыш жекпе-жегі.
Жекпе-жекті екі босшы да сақ бастады. Головкиннің әдеттегідей шабуылға толық басымдықты бермей, қорғанысты да назарға алды. Бір-бірінің осал тұсын аңдыған боксшылар бір-екі сәтте жойқын соққы алмасты. Джейкбос оңай шағылар жаңғақ емесін дәлелдегендей. Қазақстандық боксшы рингте бірінші нөмірмен жұдырықтасса, Дэниэл қарымта шабуылдарда қарсыласын талдыруға барынша тырысты. Дегенмен төртінші раундта қорғанысты ұмыт қалдырған Джейкобстың қателегінін GGG пайдаланды. Головкиннің жойқын соққысынан кейін америкалық боксшы нокдаунға түсті. Алайда төреші жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. Қазақстандық боксшы қарсыласын соққының астына алуға тырысқанмен Джейкобс сауатты қорғана білді. Осылайша жекпе-жек 12-раундқа созылды. Геннадий Головкин қарсыласын соққының астына алып, кездесу уақытынан бұрын аяқтауға тырысқанмен Дэниэл Джейкобс осал қарсылас еместігін дәлелдеді.Осылайша қазақстандық боксшы үш белбеуін қорғап қалды. Америкалық таңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтуден бас тартып, осылайша ұйымның талабын орындамаған. GGG кәсіпқой рингте осымен 37-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі бүгін, 19 наурызда Нью-Йоркте өтті. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетті. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетті.
Айта кетейік, Головкин осы жекпе-жектен 2,5 миллион доллар, ал Джейкобс - 1,75 миллион доллар гонорар алады. Олардың жекпе-жегі HBO телеарнасы ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетілгендіктен, боксшылар осыдан да өз пайыздарын алады.