Әншілеріміз Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылын білмей масқара болды
2017 ж. 14 наурыз
4840
33
Тарихын білмегеннің болашағы бұлыңғыр. Ендеше жұлдыздардың болашағы – “қара түнек” шығар. Себебі, олар Қазақстан Республикасының қай жылы тәуелсіздік алғанын айта алмады.
Бұл туралы КТК арнасының “Инсталайық” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
Алғашқылардың бірі болып бұл сұраққа Өмірқұл Айниязов мырза жауап бермек болды. Десе де, оның бұл ойы еш нәтиже бермеді. Әнші жұмған аузын ашпады.
Жазира Байырбекова:
Тәуелсіздігімізді желтоқсанның 16-сы күні алғанымызды білемін. Білуімше, 1986 жылы. Ал ресми түрде… Мен ол жағынан білімді емеспін. Бағанадан бері айтып тұрмын ғой.
Серікбол Сайлаубек:
Тәуелсіздігімізді 25-ші… Білмеймін. Мен ол кезде бала болғанмын.
Жеңіс Ысқақова:
Мектеп баласына арналған сұрағыңды маған қоймашы. 16 желтоқсанда мұрнымнан суым ағып, егеменді ел болуымыз керек деп, әкем-атаммен қосылып Шәмші Қалдаяқовтың «Қазақстаным» әнін айтып жүргенмін. Ол уақытта 19-20 жастағы қыз едім. 1986 жылы көтеріліске шықтық. Адам тоңып тұрған кезде қайдағы жоқ сұрақтарды қоясыңдар… Қайдағы жоқ сұрақ емес. Әрине, біз мұны білуіміз керек.
Марат Омаров:
Елтаңбаның авторы – Шоқан Уәлиханов. Жоқ, Уәлихан Уәлиханов. Қазір дұрысын айтамын… Кешіріңіздер!