Сағадиев: Бекболат Тілеуханмен "жекпе-жекке" шығуға қарсы емеспін
2017 ж. 09 наурыз
2777
7
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін баспасөз мәслихатында мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханмен білім саласындағы мәселелер бойынша баспасөз бетінде пікірталасқа түсуге қарсы еместігін айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Еске сала кетейік, мәжіліс отырыстарының бірінде депутат Бекболат Тілеухан оқулықтардың сапасын сынай келе, министр Сағадиевті "жекпе-жекке" шақырған болатын.
"Қазір жауап бере алмасаңыз, баспасөз бетінде сізді жекпе-жекке шақырамын және сіздің жеңіп кетуіңізге шын жүректен тілектеспін. Өкінішке қарай, жеңіліп қаласыз-ау. Өйткені, ешқандай уәж жоқ. Ертең халықтың, сайлаушылдардың алдында біз жауап беруіміз керек", — деген еді депутат.
Бүгін баспасөз мәслихатында министр осыған қатысты өз пікірін білдірді.
"Бекболат Тілеухан мені баспасөз бетінде дебатқа шақырған екен. Менің ойымша, ол дұрыс емес. Бекболат Тілеуханды оқулыктардың сапасын қарайтын комиссияға шакырдық. Бүгін мен өзім мәжіліске звондап, айттым. Он бір депутат жазылған, соның ішінде Бекболат Тілеухан комиссия құрамында жұмысын көрсетсін. Мен қарсы емеспін (дебат өткізуге – автор ескертпесі). Бірақ, менің ойымша, ол үкіметтің жұмысы емес", — деді Сағадиев бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.