БАҚ: Алтай Әбибуллаев орысша сөйлемегені үшін қызметінен қуылған
2017 ж. 03 наурыз
5241
19
ЕНДЕШЕ ЕҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА АЛТАЙ ӘБИБУЛЛАЕВ ЕКЕН ҒОЙ! МҰНДАЙ ҰЛТ НАМЫСЫН ОЙЛАҒАН ЕРДІ ОРНЫНАН АЛУ ЕМЕС, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕТІП ТАҒАЙЫНДАУ КЕРЕК!
[caption id="attachment_65680" align="aligncenter" width="635"] Алтай Абибуллаев[/caption]Апта басында Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оның мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзды деп айыптап, мемлекет басшысынан шара қолдануын сұраған болатын, - деп жазады Skifnews.kz.
Артынша, президенттің жарлығымен Әбибуллаев елші қызметінен босатылды.
Алайда, Гүлшара Әбдіқалықова мемқызметкер этикасы нақты қалай бұзылғанын сол күйі айтқан жоқ. Яғни, Алтай Әбибуллаевтың нақты не үшін жұмыстан кеткені халыққа белгісіз. Жұмыс орнына мас боп келді ме, есірткі қолданды ма, құмар ойын ойнады ма, бәлкім Астанадан келген жоғары лауазымды әйелдердің көңілін таба алмаған болар? Бұл жағын Ақорданың бірде-бір өкілі ашып айтпай отыр, - деп жазады басылым.
Ресми өкілдер ашық мәлімдемесе де, сол Сыртқы істер министрлігінің маңайында жүрген "ұзынқұлақтар" мәселенің мән-жайын "сыбырлап" үлгерді. Естуімізше, Әбибуллаевтың жауапкершілікке тартылуына орысша сөйлемеуі себеп болған. Тарқатып айтсақ, Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде жасаған екен. Алайда, бұған шамданған орыстілді орта баяндаманы орысша жасауын талап еткен. Ал, Алтай Ибрагимұлы бұл талапты орындаудан бас тартыпты. Содан оның артына "шам алып түсіп", ақыры жұмыстан кетуіне қол жеткізген көрінеді.
Әрине, бұл тек сыбыс қана. Мәселенің нақты мән-жайын Қазақстанның билік өкілдері ресми айтып береді деген үміттеміз.
Танымал саясаттанушы Расул Жұмалы да Әбибуллаевтың мемқызметкердің этикетін бұзатындай сауатсыз емес екеніне күманданбайды.
"Алтай Әбиболлаев сауатты да мемлекетшіл, қолынан іс келетін елшілердің бірі. Не үшін мансаптан айырды? Себебі неге айтылмайды? Сонысына қарағанда арандату әрекеті сияқты. Кезінде дипломат болғанда менің де артымнан талай арыз жазылған болатын "агашкаларға" бас имегенім үшін. Соған ұқсайды. Қалай болғанда өкінішті жағдай кәсіби мамандардың қудаланып, пәтуәсіз ығай-сығайдың салтанат құрып отырғаны. Керісінше болу керек", - деп жазды саясаттанушы өзінің Facebook-парақшасында.