Қазақ үшін бұл тура табылған Мереке!

Көктемнің 1 наурызы -Алғыс айту күні!

Өзі жақсылық жасап жатса да, өзгеге алғыс айтатын Қазақ үшін бұл тура табылған Мереке болды! Қазақ Елін паналаған өзге ұлт диаспоралары Ұлы Қазақ халқының даладай дархандығы мен кең пейілдігі және мейірімді жүрегі үшін Алғыс айтатын күні! Мен таңертеңнен бері маған (қазаққа) әкім Кулагин, миллиардер Машкеевич (Израильға кетіп қалса да), вице-министр Божко, депутат-журналист Артур Платонов, саясаткерлер Петр Своик пен Жовтис және т.б. қашан Алғыс айтады деп күтіп отырмын... Мерекелеріңіз Құтты болсын! Қазыбек ИСА, Фейсбук парақшасы