«Жас Алаш» газетінің бас редакторы аяқ астынан орнынан кетті
2017 ж. 21 ақпан
13134
15
Бір ғасырлық тарихы бар «Жас Алаш» газетінің бас редакторы аяқ астынан ауысып кетті. Газетті бірнеше уақыт басқарып келген Рысбек Сәрсенбайұлының орнына оның ұлы – Нұрлан Сәрсенбай тағайындалды.
Рысбек Сәрсенбайдың айтуынша, бүгіннен бастап ол бұл қызметтен шеттетіліпті.
– Құрылтайшылардың мұндай шешім қабылдағаны рас. Белгілі болғандай, аталмыш баспа акцияларының 75%-ы Салтанат Атушеваның иелігінде (Алтынбек Сәрсенбаевтың жұбайы). Қалғаны әзірге өзімде қалды. Осы орайда ол мұндай шешім қабылдауға құқылы. Маған газет таралымы азайды немесе оның онлайн-нұсқасын дамытпады деген кінә тағылуы мүмкін. Бірақ, негізінен, Салтанат Атушеваға бұл тұрғыда қысым жасалған сияқты" - деп мәлімдеді Рысбек Сәрсенбайұлы.
Жаңа қызметке тағайындалған Рысбек Сәрсенбайдың 42 жастағы ұлы Нұрлан Сәрсенбайдың тілшілік тәжірибесі жоқ. Бұл уақытқа дейін ол Қазақстанның түрлі елдердегі елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарып келген екен. Бұл жайында оның әкесі Рысбек Сәрсенбай айтып берді.
Айта кетер болсақ, "Қамшы" тілшісі "Жас Алаш" газеті редакциясының да бұрынғы мекенжайынан аяқасты көшіп кеткенін анықтады. Алайда, оған газеттің бүгінге дейінгі қызметкерлері қарсы пікірде. Газет редакциясының көшіп кеткенін олар да білмей қалған. Алайда, газет сайтындағы мекенжай әзірге өзгерген жоқ. Сонымен қоса uазеттің сайттағы мәліметінде бас редактор әлі Рысбек Сәрсенбайұлы болып жазылып тұр.
qamshy.kz