Тоқаев: Валентин күні елдің болмысы мен салт-дәстүріне мүлде қарсы ұғым
2017 ж. 15 ақпан
2923
1
Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Әулие Валентин күнін тойлауға қатысты пікір білдіріп, оған қарсылық танытты деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл туралы ол өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.
"Әулие Валентин күні" Батыстан келген, еліміздің болмысына және салт-дәстүріне мүлдем қарсы болып тұрған ұғым. Жастарымыз оны түсіну керек", - деп жазды спикер.