Қазақстанның Көк байрағын сүрткіштің орнына пайдаланғандар жазалана ма? (фото)
2017 ж. 11 қаңтар
3205
4
Айдың-күннің аманында Астанадағы атағынан ат үркетін құрылыс компаниясының құрылыс алаңында Қазақстанның Көк байрағы жер сүрткіш болып, тулақтай илектеліп жатыр, дейді BAQ.kz.

"Астананың сол жағалауында Бас прокуратураның іргесінде бой көтеріп жатқан 7 қабатты ғимараттың құрылыс алаңында Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі - мемлекеттік Туды сүрткіш есебінде пайдаланып отырған құрылысшылар да, құрылысты жүргізіп отырған басшылық та жауап беруі керек!", - деп жазады басылым.

