"Берия" атанған Аслан Мусин саясаттан кетті
2017 ж. 05 қаңтар
4360
9
Кейінгі жылдары елшілік қызметте жүрген Аслан Мусин саясаттан кетті. Нақтырақ айтқанда, зейнетке шықты деп хабарлайды 31 арна.
Мусин мырза екі күн бұрын 63 жасқа толыпты. Бұрын Ақтөбе, Атырау облысының әкімі, кейін экономика министрі, мәжіліс спикері болған шенеунікті президент жұмысынан босатты.
Сондай-ақ, АҚШ-тағы қазақ елшілігі де басшысыз қалды. Америкада елші болған Қайрат Омаров енді Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі. Бұрын өкіл қызметін қазіргі Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов атқарған.
Естеріңізге сала кетсек, Аслан Мусин атышулы Рысқалиевтердің ісінен кейін қызметінен кеткен болатын. Сондай-ақ, Мусиннің есімі Жаңаөзендегі қырғынмен де байланыстырылды.