Қарақат Әбілдина: Тоқал туралы әңгімеден кейін жер мәселесі ұмыт болды
2016 ж. 10 желтоқсан
5763
9
Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек болды.
Және бұл әрекетіміз өз нәтижесін берді, халық жер мәселесін тастап, Қыдырәлі екеуміздің арақатынасымызды талқылай бастады.
Танымал әнші Қарақат Әбілдина жұбайы Қыдырәлі Болмановқа тоқал іздегені туралы бар шындықты айтып берді.
Қазнет қазақстандық жұлдыздар Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның “маркетингтік қадамын” қызу талқылауда. Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында танымал әнші жарты жыл бұрын жұбайына не үшін тоқал іздегені туралы айтты.
Биыл көктемде Қарақат Әбілдина ерекше хабарландыру жасап, әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырған болатын: ол күйеуіне тоқал іздеген еді. Қыдырәлі Болманов жұбайының бұл қылығын өзіне деген ыстық сезімі деп бағалайтындығын әлеуметтік желідегі тыңдармандарына айтқан. Жарты жыл өткен соң жұлдызды жұп тоқалдың сырын ашты. Әртістер, осылайша, елдегі тыныштық пен бейбітшілікті сақтамақ болыпты.
“Халық арасында жер мәселесі туындап, көпішілік дүрлігіп жатты. Сол үшін неше түрлі чаттар ашылып, алаңға шығу туралы мәселелер талқыланды. Алда мерекелер келе жатқан еді – біздің жеке концерттеріміз, басқа да концерттер. Бүкіл халық мереке туралы ұмытып, митингке шығуға әзірленіп жатты. Өзімнің ұялы телефонымда әр түрлі қалаларда құрылған төрт-бес чат болды, ол жерде жастар мен өнер адамдарының жазғанын оқығанда, жүрегіңе қорқыныш ұяламай қоймайтын еді”, — деді Қарақат Әбілдина Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында.
Әншінің айтуынша, жер митингілері жұлдызды жұптың жоспарланған концерттеріне кедергі келтіруі мүмкін болатын.
“Стадионда алғаш рет концерт беретін едік. Оның үстіне, шетелдік әншілерді шақырмай, өз күшімізбен аншлаг жинайық дегенбіз. Бұл (тоқал туралы жаңалық) пиар үшін жасалғаны анық, әрине. Концертті белгілеп қойғанбыз, оған қаншама қаражат кеткенін өздеріңіз де білесіздер. Аяқ астынан соғыс басталып кетсе немесе тағы бірдеңе болса, кімге жақсылық келер еді?”, — дейді Қарақат. Бұл жағдайда, әншінің сөзіне сүйенсек, бәрін өз қолдарына алып, шара қолданбасқа амал болмады. “Ешкімге зияны тимейтіндей бірдеңе ойлап табу керек болды.Және бұл әрекетіміз өз нәтижесін берді, халық жер мәселесін тастап, Қыдырәлі екеуміздің арақатынасымызды талқылай бастады. Адамдар маған неше түрлі жағымсыз дүниелерді жазды, бір күн ішінде 500 адамға тосқауыл қоюыма тура келді. Төрт-бес күндей біз туралы айтылып жүрді, есесіне жер туралы мәселе ұмыт болды”, — деп еске алады әнші.
Қарақаттың айтуынша, отбасында бәрі жақсы.
“Біз тіпті ұрыспаймыз да, арамызда ешқандай кикілжің жоқ”, — деп ойын қорытты жұлдыз.
Дегенмен, жауырда Қарақаттың күйеуі, әнші Қыдырәлі Болманов өзінің "Время" газетіне берген сұхбатындағы сөзерін теріске шығарып, орыс тілді бейтаныс журналист бәрін бұрмалап алғанын айтты.
Сондай ерлі-зайыптылардың қайсысы шындықты, қайсысы өтірікті айтып тұрғанын бір құдай біледі.
“Ассалаумғалейкүм, Қазақ Елі! Қасиетті жұмадағы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Мейірімді Алла Елімізге тыныштық беріп,Тәуелсіздігімізге жар болсын! Әр отбасына бақыт, береке нәсіп етсін! Басқа тілді баспалар не жазса да, ақ-қарасын ажыратып алмай, ғайбат сөздер құрастырып,, ғайбат дүниені бірінен бірі іліп алып жағастырып, орыс тілді жазбаның қате кеткен сөздерінен тақырып жасап, өсек-аяңмен ұштастырып, адамның ойына келмейтін сөздерді теріп, әлеуметтік желіде жанталасып, ғайбат пікір қосып жатқан бауыр-қарындастарымның барлығы – өзімнің Қазағым… Жазған – орыс тілді бейтаныс журналист… Алла кешірсін! Жүректеріңе ізгілік, білімдеріңе парасат, өз бауырыңа жылылық, ақ пен қараны ажыратар сана, бастарыңа бақыт нәсіп етсін! Барлығын білуші де, көруші де, беруші де бір Алла!” – деді Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында.